Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.10.2019

Алматыда «Менің кәсібім» атты қалалық жәрмеңке өтті


Өткен сенбіде Алматыда «Менің кәсібім» қалалық жәрмеңкесі өтті.


Іс-шараға Бостандық ауданының 10 көп балалы аналары қатысты, Үйде отырып өз кәсібін жаңа бастаған жас кәсіпкелер өз қолдарымен дайындаған тәті тоқаш, торт, печенье, ұлттым дәмдер, төсек жабдықтары, декоративті заттар, әшекейлерді және т.б. сатуға алып келген.


«Менің кәсібім» жобасы Алматы қаласының әлеуметтік осал топтарына үйде отырып өз ісін ашуға көмектеседі. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жүзеге асырылады, жобаның үйлестірушісі - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.


Әлеуметтік тұрмыстары аз қамтылған және көп балалы отбасылар, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үйден шықпай-ақ өз ісін несие, кепілсіз және табыс туралы дәлелсіз бастай алады. Мұны істеу үшін сіз сауалнаманы толтыруыңыз керек, үйде өз бизнесіңізді бастауға қажет тауарлардың тізімін көрсетесіз.


Жобаға қатысушыларға қойылатын басты талап - жұмыс істеуге деген ынтасы және сүйікті ісіне жауапкершілікпен қарау. Бұл нан-тоқаш өнімдерін, киім және үй тоқыма бұйымдарын өндіру, декоративті багеттер өндірісі және тағы басқалар болуы мүмкін.


07.10.2019