Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.09.2019

Алматылық мемлекеттік қызметкерлер арасында «Жайдарман» көңілді тапқырлар сайысы өтті.


2019 жылы 06 қыркүйекте Алматы қаласы Нархоз университетінің акт залында «Қазақстан КВН Одағы», Алматы Жайдарман филиалы мемлекеттік қызметкерлер арасында «Жайдарман» көңілді тапқырлар сайысын ұйымдастырып өткізді.

 

Конкурс ережесіне сай берілген  тақырыптарды  әзілі мен қалжыңы аралас ашып көрсеткен сайысқа Алматы қаласы бойынша 7 команда: Төтенше жағдайлар Департаменті, Кинология орталығы, Тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасын қауіпсіздігін бақылау департаменті, Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы және Әуезов, Бостандық, Наурызбай аудандарының құрама командалары қатысып, бақ сынасты.

Шараның басты мақсаты: мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыруға және мамандарды зияткерлікке, ізденімпаздыққа, жасампаздыққа бағыттай отырып, ұжымдық бірлестікті қалыптастыру.

Астарлы әзіл мен ұтымды ой астасқан әзілкештер бәсекесінде өнер көрсеткен жастар көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қазалар алқасы талапкерлердің сахна мәдениетіне, сөз саптау шеберлігіне, әзілдің мәні мен мағынасына басымдық беріп, өнерлерін әділ бағалады.

 

Нәтижесінде Алматы қаласы Төтенше жағдайлар Департаменті мен Әуезов ауданы әкімдігінен  құралған екі  команда үздік атанды. 2-ші орынды Бостандық ауданы әкімдігінің мемлекеттік  қызметкерлерден құралған команда иеленді. Жеңіс  құтты болсын Бостандықтар! 3 орын Алатау ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасына бұйырды.

07.09.2019