Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.09.2017

Ауданда «Денсаулық 2016-2019» мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы кеңес өтті


6 қыркүйек күні КММ ШҚҚ №4 қалалық емхананың мәжіліс залында Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Блбаева Маржан Ертайқызының қатысуымен Бостандық ауданы бойынша 2017 жылдың бірінші жарты жылдығы және соңғы 7 ай  ішінде онкология индекаторы бойынша «Денсаулық-2016-2019»  мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылу барысы туралы кеңес отырысы өтті.

                                                                                                                                                                   

 Сондайақ кеңес отырысына ауданның медицина бірлестігі мекемелері,  емхана, ауруханалардың бас дәрігерлері мен емдеу шарасы бойынша бас дәрігерлердің орынбасарлары қатысты.

         

 Жиын барысында Бостандық ауданы емханаларда онкологиялық ауру бойынша көрсетілетін көмек туралы  Алматы қаласы онкология орталығының бас дәрігерінің орынбасары Байтуганов Р.Т. баяндама жасады.

 Қатерлі ісік қазіргі заманғы қоғамның ең күрделі медицналық және әлеуметтік мәселелерінің бірі болып табылады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын он миллионға жуық жаңа рак ауруы тіркеледі. Жаңа онкологиялық аурулар қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім халық санының динамикасындағы теріс үрдістердің бірі болып табылады.



07.09.2017