Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.06.2018

Қалада тағы бір меморалды тақта ашылды


Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Бостандық ауданында Абай даңғылы, 60 үйде Қазақстанның және Шешен-ингуш АКСР-нің халық әртісі- Сұлтан Магамедұлы Байсұлтановқа арналған мемориалдық тақтаның ашылу рәсімі өтті.

           

Мемориалды тақтаның ашылу рәсіміне Астана және Алматы қалаларынан зиялы қауым өкілдері және Сұлтан Магамедұлы Байсұлтанов туыстары, әріптестері және үй тұрғындары қатысты.

           

Шараны алғы сөзімен Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Ахетов Мамай ашты. Артынан әріптестері сөйледі.

           

Ақпарат үшін:

Байсұлтанов Сұлтан -1947 жылы Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданында дүниеге келген. Ұлты – шешен.

1978 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік консерваториясының вокальдық факультетін бітірді. Еңбек жолын Грозный қаласындағы қуыршақ театры құрамында артист болудан бастады. 1979 жылдан Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театры группасында әнші болып, қазақ композиторларының операларын, сондай-ақ дүниежүзілік классикалық музыкалық туындыларында басты партияларды өзінің жанға жайлы, жұмсақ, әдемі даусымен шебер орындады.

Фауст (Ш.Гуноның “Фаустында”), Альфред, Жермон(Дж. Вердидің “Травиатасы”, мен “Риголеттосында”), Альмавива (Дж. Россинидің “Севиль шаштаразында”), Гофман (Ж.Оффенбахтың “Гофман ертегілерінде”), Генрих (И.Штраустың “Жарқанатында”), Равенсвуд (Г. Доницеттидің “Лючия де Ляммермурында”), Ленский, Водемон (П.Чайковскийдің ”Евгений Онегині” мен “Иолантасында”), Владимир (А.Бородиннің “Игорь князінде”), т.б. партияларды нақышына келтіре орындады. Кең тынысты, жағымды да биік үнмен қазақ музыка өнерінің классикалық туындысы М. Төлебаевтың “Біржан-Сарасында” Біржанның, Ғ.Жұбанованың “Жиырма сегізінде” Қосаевтың шыншыл, драматикалық бейнелерін шеберлікпен сомдады.                                             

Сеул (1991), Кипр (1994), Пхеньян (1998) фестивальдерінің лауреаты.

07.06.2018