2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.05.2020

9 мамыр қарсаңында Бостандық ауданының әкімі Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады


Еліміздің басты мерекесінің бірі - Жеңіс күні қарсаңында, қалыптасқан игі дәстүр бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері көптеген қонақтарды қабылдайды.

Бүгін, 6 мамырда, Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу аясында Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов өз делегациясымен бірге Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің шаңырақтарына барып құттықтап қайтты.


Бірінші Ұлы Отан соғысының мүгедегі, 1925 жылы туған Аманғали Бисұлтан, артынан 1925 жылы туған Владимир Белозеровтың үйіне барды.

 

Алдағы Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтай отырып, аудан басшысы ардагерлерге мерекелік себет, гүл шоқтарын дәне Ел Президенті Қ-Ж Тоқаевтың құттықтау ашық хатын табыстап, оларға зор денсаулық, бейбіт аспан және отбасылық жылулық тіледі.

Өз кезегінде ардагерлер аудан басшылығына қолдауы көтсетіп, үнемі көңіл бөлетіндері үшін алғыс білдірді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің хатында дәл осы Аманғали Бисұлтан сияқты аға буын өкілдері тарихи жадының қазынасы және сіздің өмір жолыңызды лайықты өту  кейінгі ұрпаққа үлгі етіп көрсететінін атап көрсетті. Ардагермен әңгімелесу барысында Алтай Рахымбетов еңбек сіңірген ардагердің қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесін, оның ұйымдастырушылық қабілеті мен қайсар мінезін атап өтті.

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, биыл Жеңіс күнінің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты Ұлы Отан соғысының әрбір ардагеріне бір миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Бүгінгі таңда Бостандық ауданында тұратын 39 Ұлы Отан соғысының ардагері, 14 Ленинград қоршауында болған, 5 фашизм тұтқыны және 2885 еңбек майданының қатысушыларының барлығына аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен үйлеріне құттықтаулар жеткізілуде. 

07.05.2020