Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.05.2018

Ардагерлер мен зейнеткерлерге арналып «Ашық есік күні» өтті


Бостандық ауданында Орталық қалалық клиникалық аурухана базасында Мамыр айының мерекелері 7 мамыр Отан қорғаушлар күні мен 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні қарсаңында соғысы ардагерлері мен егде тартқан зейнеткерлерге арналған «Ашық есік күнін» өтті.

           

Шараға өз денсаулықтарына бей-жай қарамайтын барлық келушілер мен ауруханада ем алып жатқан қариялар ақ халатты дәрігерлерден диагноз- кеңес алып, алғыстарын жаудырып қайтып жатты.

           

Шара аясында әлеуметтік жағдайына байланысты бірқатар қарияға материалдық көмектер көрсетілді. «Ашық есік күніне түрлі сұрақ сауалдармен 100 дей аға буын өкілдері қатысты.

Атаулы шара мерекеден кейін де жалғасын табады.

07.05.2018