Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.12.2018

Мейірбике қамқоры үйінде еріктілер болып қайтты


Алматы энергетика және байланыс университеті «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалына қарасты «Парасат» бірінші партия ұйымының еріктілері «Партияның 20 қайырымды ісі» акциясы аясында Мейірбике қамқорлығы үйінде болып «Жан жылуымен бөліс» қайырымдылық шарасын өткізді.

                     

Іс-шараның мақсаты Мейірбике қамқорлығы үйінде тұратын адамдарға өздерін жалғыз емес екендерін, үлкендерге ізет көрсету, ешқашан ештеңе ұмытылмайтындығын және қоғамға олардың қажет екендігін сезіндіру.

           

Еріктілердің міндетін университет студенттері атқарды. Олар ақ дастархан басында қамқорлық үйінің тұрғындарымен сөйлесіп, оларға өздері алып келген азық-түлікке толы қоржындарын сыйға тартты,  ең бастысы олар өздерінің жүректерінің жылуын сыйлады.

Мұндай қайырымды ізгі шаралар арыда жалғасын табатын болады.

06.12.2018