Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.12.2017

Алматыда «Жастар жалыны» сыйлығының жеңімпаздары анықталды


Жастар жалыны» сыйлығының жеңімпаздарын  марапаттау  рәсімі  Алматыда болған  Жастар форумы аясында өтті.

Екі номинация бойынша - «Жыл еріктісі» және «Жыл кәсіпкері» сыйлығын Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек табыстады.

           

« Елбасының тапсырмасы бойынша, Алматыда 2017 жыл жастар жылы деп жарияланды. Жастар саласындағы жағдайды жан-жақты талдауға негізделген, белгілі бір ресурстармен қамтамасыз етілген нақты шараларды қамтитын,  2020 жылға дейін жастарға қолдау көрсететін алғашқы  қалалық Жол картасы  құжаты қабылданды.Біз әрдайым жастар - Қазақстанның болашағы, ел дамуының қозғаушы күші дейміз.Сондықтан Мемлекет басшысы жастарға әрқашан қамқорлық жасау оның саясатының басты мағынасы екенін атап көрсетеді. Білім, жұмыспен қамту, тұрғын үй, бос уақыт.Бұл негізгі мәселелерді тиімді шешу жас азаматтарға қолдау көрсету ғана емес, сонымен қатар оларды жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасау.Біздің басты мақсатымыз - жастардың өз мүдделері мен әлеуетін іске асыруға жағдай жасау », - деді шаһар басшысы Б. Байбек.

           

Бостандық ауданы ҚҚКО құжаттарды қабылдау бөлімінің  маманы -Ирина Кухарская  «Үздік мемлекеттік қызметкер»  атанды.

           

«Жыл еріктісі» номинациясын  «Еріктілер лигасы» төрағасы- Әзіз Қадірбек жеңіп алды. «Жыл кәсіпкері» номинациясын  «RUMI GROUP» компаниясының басқарушы серіктесі Қуаныш Шонбайды алды. «Жыл спортсмені» атағына жас шахматшы қыз Жансая Абдумалик, »Үздік жас ұстаз» номинациясын  Халықаралық Бизнес Университетінің әлеуметтік даму проректоры Каиржан Мендыгалиев иеленді.

«Жастар жалыны» сыйлығы әртүрлі салаларда ерекшеленетін ең белсенді жастарға беріледі.

06.12.2017