Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.11.2018

Хабарландыру. «Тұғыры биік тұлға»атты еске алу кеші өтеді


2018 жылы 7 қарашада, сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапхананың Кітапханатану залында мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің туғанына 120 жыл толуына арналған «Тұғыры биік тұлға»атты еске алу кеші өтеді.

Кеш аясында ҚР Ұлттық кітапхана қорынан Т.Жүргеновтің өмірі мен қызметі туралы материалдар, оның еңбектері мен мерзімді басылымдар  беттерінде жарияланған мақалалары мен ол туралы естеліктері ұсынылған кітап көрмесі ұйымдастырылды.  

Кешке қатысушылар: атақты тарихшылар, Қазақстанның өнер қайраткерлері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының оқытушылары мен студенттері.

06.11.2018