Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.10.2017

Жергілікті полиция қызметкерлері білімдерін жетілдірді


  Бостандық ауданы әкімшілігінің  мәжіліс залында Бостандық ауданы ІІБ-нің жергілікті полиция қызметкерлеріне арналып «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының арнайы әлеуметтік қызметтерге қол жетімділігі» тақырыбында ЕҚЫҰ, ҚР ІІМ, Бостандық ауданы ІІБ жергілікті полиция қызметі өкілдерінің қатысуымен оқыту  семинары өтті.

           

Іс-шараның басты мақсаты отбасылық және тұрмыстық құқық бұзушылықтар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу және  отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері бойынша теориялық білімді және тәжірибелік дағдыларды жетілдіру болды.

           

Семинардың құрылымы теориялық сабақтар мен практикалық тапсырмалардың комбинациясын қамтыды. Кездесуге Ішкі істер министрлігінің  өкілі -Бекишова Роза Мухамеярқызы, ЕҚЫҰ өкілі -Хартман Изобелла,  Қазақстан Республикасы Жоғарғы полиция мектебінің мұғалімі - Корнечюк Сергей Васильевич, «Достар» КС өкілі- Гладир сөз сөйледі.

           

Семинар барысында түрлі әдістер пайдаланылып   қатысушыларға теориялық ақпарат пен практикалық дағдыларды нығайтуға көмектесетін тәсілдер үйретілді.

Тәжірибелік бөлім барысында семинарға қатысушылар психологиялық, физикалық, жыныстық, экономикалық зорлық-зомбылыққа қатысты бірнеше тапсырмаларды шешті.

Семинар соңында іс-шараның ұйымдастырушылармен семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, семинар қорытындысы шығарылды.

06.10.2017