Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.10.2017

Ұлы Отан соғыс ардагерін Қарттар күнімен құттықтады


 Қазан айы басталғалы ауданның егде тартқан қарт адамдары басты назарда. Оның ішінде ұзақ өмір сүрушілерге ерекше көңіл бөлініде. Соның бірі бүгін ауданның атқарушы орган өкілдерін қабылдаған  93 жастағы Жакупов Өмірбай ақсақал болды.

           

Бүгін Халықаралық Қарттар күні акциясы  және  «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобаны жүзеге асыру аясында   Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Балбаева Маржан Ертайқызын ауданның ұзақ өмір сүруші тұрғыны Жакупов Өмірбай атаның шаңырағында болып, қарт ақсақалды Халықаралық қарттар күнімен құттықтап, аудан әкімі Б. Торғаевтың атынан қайырымды демеушілердің көмегімен алынған мүгедектерге арналған арба мен азық түлік   добасын  сыйлап қайтты.

           

Мереке иесіне жүрек жарды тілегін жеткізген Маржан Ертайқызы аға буын өкілдерінің ашық аспан және ел болашағы үшін қажырлы еңбектеріңің арқасында біз  тыныш бейбіт өмір сүрудеміз, Сіздердің  атқарған еңбектеріңіз қазіргі ұрпаққа үлгі болады,-деп тілек білдіріп Рахмет айтты.

Мерекелік құттықтау қабылдаған Өмірбай ақсақал өз кезегінде аудан басшысына алғысын жеткізіп Сәлем айтып, қонақтарға  ризашылығын білдірді.

Жакупов Өмірбай 1924 жылы 20 қаңтарда туылған.Жалғыз ұлы Жакупов Сәулеттің қолында тұрады.

06.10.2017