Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.09.2019

«Мобильді «Халыққа көмек» акциясы жалғасуда


«Nur Otan» партиясы Бостандық аудандық және Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында «Атакент» Сауда орталығында  «Мобильді халыққа көмек» көшпелі акция өткізді.

 

Айта кетсек, Елбасы, Партия төрағасының Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өткен партияның кеңейтілген Саяси кеңес отырысындағы «партия халыққа жақын болу керек екені және олардың шағымдары мемлекеттік органдарға жетіп, шешілуі тиіс» деп айтқан болатын. 

Акция барысында аудан тұрғындарының мәселелерін тыңдау үшін, аудандық және қалалық жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары қабылдау жүргізді.

 

Аудан тұрғындарының негізгі өзекті мәселелері: Атаулы әлеуметтік көмек алу, үй заңдастару, жол, газ, кәріз жүргізу мәселелері, кредиттік төлемдер, алимент рәсімдеу және азаматтық алу болды.

Бұл сұрақтар бойынша тұрғындардың өтініштері толық қарастырылып, сұрақтарға жауап берілді. аталған акция басқа да аудандарда жалғасын табады.


06.09.2019