Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.06.2019

Есентай өзенінің жағалауын қайта жөндеуден өтті


Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Есентай өзенінің Әл-Фараби даңғылынан жоғары орналасқан реконструкцияланған учаскесін аралап шықты. Өзеннің ұзындығы 2 км болатын бөлігінің жағалауы ауыр габиондармен бекітілген, айналасы абаттандырылған.

 

Учаскеге берік қабырғалар орнатылған, түбі темірбетонмен қапталған және техникалық жол абаттандырылған. Жобаны орындау барысында «Tokyo Rope Almaty» зауыты шығарған отандық өнімдер пайдаланылған. Rock Box ауыр габиондары әлемдік сапа стандарттарына сай, өндіруші оған 50 жылдан асатын кепілдік береді. Жағалаудың екі жағына тротуалар, арықтар және жарықтар желісі жасалып, балалар және спорт алаңдары пайда болған, ағаштар отырғызылған.

Дегенмен, Бауыржан Байбек мердігер ұйымға жағалауды абаттандыруда жіберілген бірқатар кемшіліктерді атады. Мысалы, балалар алаңдары мен дүкеншік тастары сапасыз төселген, урна тура тротуарға қойылып, жаяу жүргіншілерге жайсыздық тудырған. Оның үстіне, демалушылар үшін жағалауға қойылған орындықтар мен балалардың ойын алаңдары аз.

Айта кетерлігі, Алматыда соңғы 3 жыл ішінде су басып қалатын телімдер 67-ден 12-ге дейін қысқарған. Тоғыз өзеннің жағалауы бекітілді. 300 км астам арық желілері салынды әрі жөнделді. Қарғалы өзенінің ұзындығы 7,7 км болатын жағалауы бекітіліп, абаттандырылды. ГЭС1-БАО мен Медеу-Шымбұлақтың жарлары қорғаныс қабырғалармен мықтап бекітілді.

06.06.2019