Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.06.2018

Бостандық ауданының көпбалалы аналары марапатталды


Бостандық ауданының көпбалалы аналары лайықты марапаттарға ие болды. Аудандық әкімдікте «Алтын алқа» және «Күміс алқа» марапаттау рәсімінде, алқа иелерін аудан әкімінің орынбасары Балбаева Маржан Ертайқызы құттықтады.

Маржан Ертайқызы, жалпы әйелдер қауымы соның ішінде аналардың ұрпақ тәрбиесі мен қоғамдағы рөлін атап өтіп, оларға ізгі тілегін жеткізді.

«Алтын алқа» иегері Қауымбаева Жеңіскүл Тұрарбекқызы,Султанрва Шолпан Әмирқызы атанды, ал «Күміс алқа» алты бала туып тәрбиелеген Жаримбетова Ақмарал Шайниязқызы мен Митанова Роза Копжүрсінқызы марапатталды.

    

Өз кезегінде аналар аудан әкімдігі тарапынан мұндай құрмет көрсетілгеніне ришалықтарын білдірді.

Қазіргі күні Бостандық ауданында төрт баладан жоғары 1 033 көпбалалы ана тұрады. Олардың "Алтын алқа" және "Күміс алқа" иегері – 376.

2010 жылдан бастап «Алтын алқа» сыйлығын, жеті баланы тәрбиелеп отырған аналар, ал «Күміс алқа» атағын 6 баланы тәрбиелеп отырған аналарға беріледі. Бұл шешім Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан әйелдерінің V форумында жариялаған болатын.

Алқа иегерлері мемлекет тарапынан ай сайын 8000 теңге жәрдемақымен қамтылады.  

06.06.2018