Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.05.2018

Бұл күндері барлық назар Ардагерлерге


7 мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Ұлы Жеңістің 73 жылдығы мерекелік даталар қарсаңында Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдігі әлеуметтік маңызды, мәдени- жаппай іс-шаралар ұйымдастырып өткізуде.

           

Бұл күндері Жеңістің туын желбіреткен ардагерлерге арнап аудан ішінде көптеген қайырымдылық акциялар, ашық есік күндері, концерттік бағдарламалар өтіп, ардагерлер мен тыл еңбеккерлері түрлі қызмет көрсету орталықтарына,кинотеатр,концерт, спектакльдерге тегін баруда.

           

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының және аудандық құрылым бөлімше қызметкерлері ауданда тұратын соғыс ардагерелері мен мүгедек, тыл еңбеккерлерінің үйлеріне барып жеке -жеке құттықтау үстінде.

                 

Қазіргі бізге ашық аспан астында бейбіт өмір сыйлаған аға буын өкілдерінің шаңырақтарында болып, Ұлы Жеңістің 73 жылдығымен құттықтаған мемлекеттік қызметкерлер, мереке иелеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы бақытын тілеп, естелік сыйлықтар табыстады.

                               

Қазіргі таңда Бостандық ауданында тұратын 48- ҰОС қатысушы ардагер, 3 550 тыл майданына қатысушы, 18- ҰОС мүгедегі, 17- Ленинград қоршауында, 6- фашизм тұтқынында болған ардагерлер бұл күндері көпшілік назарында болып, сый құрметке бөленуде.

 

06.05.2018