Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.03.2018

Аудан әкімі нәзік жанды аруларды құттықтады


Бүгін, 2018 жылы 6 наурыз күні  Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Бостандық ауданы әкімі Бекқали Торғаев Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп базасында ауданның нәзік жанды аруларын келе жатқан мейрамдарымен   құттықтады.

             

Салтанатты жиында аудан әкімі құттықтау сөзінде қазіргі заманғы қоғамда әйелдердің рөлі ерекше, олар мемлекеттің әлеуметтік, саяси, және мәдени өміріне белсене араласып, кез-келген мамандықты табысты меңгеруде, сонымен қатар ол отбасылық отанының қамқоршысы және балаларын тәрбиелеуші, яғни еліміздің болашағын тәрбиелеуші жандар екенін атап өтті.

Құттықтау сөзінен соң аудан басшысы еңбектегі жауапкершілігі мен адал қызметімен алдынғы шептен көрінген бірқатар аруларға   Алғыс хаттар мен  көпбалалы аналарға "Алтын алқа" табыстады.

           

Салтанатты шараны аталған дарынды балаларға арналған музыка мектебінің талантты тәрбиеленушілері мерекелік концертпен жалғастырды.

Салтанатты жиынға ауданның білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала қызметкерлері,орта білім басшылары мен мәдени, бизнес саласының нәзік жанды өкілдері қатысты.

06.03.2018