Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.02.2018

Жылу энергиясын және ыстық су тарифтерінің өсуін түсіндіру жиыны өтті


 2018 ж. 5 ақпанда, Бостандық ауданы әкімі аппаратында аудан әкімінің  орынбасары Әбілдаев Серік Бикенұлының төрағалығық етуімен  Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті басшысының орынбасары Қайырбек Бауыржан Берикұлының қатысуыменАлматы қаласындағы  жылу энергиясына және ыстық су тарифтерінің көтерілуін түсіндіру бойынша жиын өтті.

Түсіндіру жұмысына Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Департаментінің бөлім жетекшісі -Жаңабаева Ардақ, Бостандық ауданы әкімі аппаратының коммуналды шаруашылық бөлімінің жетекшісі - Әліпбеков Аділет, «Алматы Су» ЖШС,  »Алматы жылу желілері« АҚ,   «ҚазТрансГазАймақ» ЖШС,  «Алматы ЭнергоСбыт», ЖӨБК (жергілікті өзін-өзі басқару комитеті) өкілдері  және ПИК төрағалары қатысты.

           

Аталған шара Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Мадиев бекіткен коммуналдық қызметтер тарифтерінің медиа-жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Серік Әділбаев ашып, қатысушыларға жиын регламентін таныстырып, сөз кезегін Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі комитетінің бастшысының орынбасары Б.Кейрбекке   берді.

Бауыржан Берікұлы  баяндама барысында  Алматы қаласындағы жылу энергиясына және ыстық су тарифтерінің көтерілуін егжей-тегжейлі түсіндірді.

           

«Бүгінгі таңда Алматы жылу желілерінің жылумен жабдықтау және ыстық сумен жабдықтау қызметтеріне тариф 8% -ға артты. Алматы қ. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 138-НҚ бұйрығына сәйкес Алматы қаласы бойынша жылу энергиясына және ыстық су тарифі бір шама өсті. Тарифтердің өсуі газ бағасының көтерілуіне байланысты.2017 жылы тариф 1760,86 теңге / Гкал деңгейінде мақұлданды, бұл 2016 жылы тарифтің 5,8% -тен көп, орташа тарифі - 5591,53 теңге / Гкал, бұл 2016 жылға орташа тарифтің 10% -ға көп. 2018 жылы тариф 1863,76 / Гкал деңгейінде бекітілді, бұл 2017 жылға қарағанда 5,8% жоғары, орташа тариф - 6,055,84 / Гкал, бұл 2017 жылға орташа тарифтен 8% артық «, - деді ол.

Жиын соңында тыңдаушылар қойған сұрақтарға жауаптар берілді.

06.02.2018