Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.01.2018

2017 жылғы Алматы қаласы Бостандық ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы


Бүгінде Бостандық ауданының аумағы 9 мың 943, 2 гектарды құрайды (2011 жылы 2 мың 776 га. болды. Онда Дулати көшесінің жоғары бөлігіндегі 720 га., 2012 жылы «Бағанашыл» ықш. шығысындағы, Дулати көшесі батысындағы Алматының оңтүстік шекарасының  4 269,1 га. жері қалаға қосылды).

Қалаға Қарасай ауданының аумағы, оның ішінде 8 елді-мекен орналасқан (Алатау к., Ерменсай к., Нұрлытау к., Жайлау к., Көкшоқы, Алмарасан ауылдары мен Қарғалы ауылының бір бөлігі)  Үлкен Алматы ауылдық округі, сондай-ақ, Талғар ауданы Көктөбе ауылдық округінің Ремизовка кенті (Ақтөбе к.) қосылды.

Тұрғындар саны – 333 504 адам (100,5 пайыз)

 Бюджет

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының нақты қолда бар бюджеті жылдық жоспарының 6 419 млн. теңге (2016 жылы – 4 964 млн. теңге), соның ішінде 2017 жылдың 12 айында жергілікті бюджеттің шығындары – жоспардағы 6,410 млн. теңгенің 6,410 млн. теңгесі немесе 100 пайызға  игерілген (2016 жылы – жоспар 5,064 млн. теңге болса, оның 5,063 млн. теңгесі немесе 100 пайызы).

 Салықтар

2017 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке Бостандық ауданы бойынша  353,5 млрд. теңге салық түсіп, (2016 ж. – 327,1 млрд. теңге)  болжам 101,0% орындалды. Соның ішінде республикалық табыс – 240,5 млрд. теңгеге  - 97,0 % (2016 ж. – 232,4 млрд. теңге), жергілікті – 113,0 млрд. теңгеге - 113,0% (2016 ж. 94,7 млрд. теңге) орындалды.

 Өнеркәсіп

Бостандық ауданында 40  ірі және орта кәсіпорын тіркелген.  Оның 9-ы аудан аумағында және 31-і басқа аумақта орналасқан.

2017 жылдың қаңтар-қараша айларында өнеркәсіптік өндіріс өнімдерінің көлемі 73,8 млрд. теңге ИФО-103,5% құрады (2016 ж. қарашасына - 97,9%).

Ауданның өнеркәсіптік қуаты мынадай компаниялармен: «Алатау жарық компаниясы» АҚ, «Беккер и К» ЖШС, «КонкритПродактс» ЖШС, «Алматы Су» МКК-мен көрініс тапты.

 Инвестициялар

2017 жылдың 11 айында негізгі капитал инвестициялары  137,5 млрд. теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезімен салыстырғанда  116,7 %-ы құрады (95,9млрд. теңге), қала бөлінісінде негізгі капиталға инвестицияның үлесі 25,5% (Алматы қ. – 539,5 млрд.теңге) құрады.

Инвестициялардың басым көзі болып:

- шаруашылық субъектілерінің жеке қаражаты – 92,6 млрд. теңгені құрап,  оның үлесі жалпы соманың - 67,3% құрады.

- банктер несиелері – 24,9 млрд. теңге немесе инвестициялардың негізгі сомасының 18,1% құрады.

Инвестициялардың негізгі үлесі құрылыс бойынша және ғимараттар мен жайларды күрделі жөндеуге салынды – 73,4 млрд. теңге.

Бөлшек тауарайналым көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 119,1% болып,376,1 млн. теңгені құрады. Базарлар мен жеке кәсіпкерлердің саудадағы жалпы үлесі – 19,6% болды.

Сөйтіп, негізгі көтерме сауда айналымы – 1 528,1млрд. теңгені (2016 ж. – 1 231,1 млрд. теңге) құрады.

 Жұмыс орындары

Жыл бойында ауданда 4004 жаңа жұмыс орны құрылып, жоспар – 148,3% (2016 жылы – 3236 бірлік) құрады.Оның ішінде: сауда және қызмет көрсету саласында – 1659, өнеркәсіп – 60, көлік – 46, білім беру – 134, құрылыс – 59  және т.б. Сондай-ақ, «Макдональдстің» екі нысанның ашылу есебінен  150 жаңа жұмыс орны ашылды.  

 Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту

Ауданда 25176 кәсіпорын тіркелген, оның ішінде – 13362 жұмыс істейді.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамыту бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру барысына ауданның 44 кәсіпорны жалпы сомасы – 8,4 млрд. теңгемен қатысып, 291 жаңа жұмыс орны құрылды,

2015 – 2019 жылдарға арналған Алматы қаласы кәсіпкерлікті қолдау Өңірлік картасына 2,5 млрд. теңгенің 4 жобасы кіріп, 198 жаңа жұмыс орны («Мембрандық технологиялар» ЖШС, «Элеко» ЖШС, «Қауіпсіздік қызметі» ЖШС, «TECHNOKONT» ЖШС) құрылды.

 «Жібек Жолы» бағдарламасы бойынша  2,1 млрд. теңгенің 21 жобасы жүзеге асырылып,  55 жаңа жұмыс орны құрылды.

Жыл басынан ауданда кәсіпкерлер үшін «Бизнестің жол картасы 2020», «Жібек Жолы», «2017-2021 жж. арналған жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» және «Алматы өнім» бағдарламалары шеңберіндегі мемлекеттік қолдау құралдары туралы аудан кәсіпкерлері үшін 8 ақпараттық-түсіндіру семинар жиындары мен 30 көшпелі жиналыстар өткізілді.

 Әлеуметтік сала

Аудан бойынша жұмыссыздық – 5,3 % құрап,ол  2016 жылмен бірдей болды.

2017 жылы 30 желтоқсандағы жағдай бойынша Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыссыздықты әлеуметтік қорғау шаралары бойынша – 3 682 жұмыссыз (2016 ж. – 3 635 адам), оның ішінде жұмысқа орналасқаны – 1 873 ( 2016 ж. – 2 087 адам), әлеуметтік жұмысқа 127 адам (2016 ж. - 138) жұмыс істеді, жастар тәжірибесі бойынша – 141 адам (2016 ж. – 68 адам) қамтылды. Сондай-ақ, қоғамдық жұмыстарға  392 адам (2016 ж. – 491 адам) қатысып, 339 адам (2016 ж. – 164 адам) кәсіптік оқуға жіберілді.  Сөйтіп,  «Жұмыспен қамту» бойынша жұмыссыздар есебінде 810 адам (2016 ж. – 913) тіркелді.

Есепті кезеңде атаулы әлеуметтік көмек 9 (2016 ж. 38 отбасы) аз қамтылған отбасыға (35 адам, 2016 ж. – 131 адам) төленіп, оған 1 021 396 теңге (2016 ж. – 2 230 054 теңге) жұмсалды. Сөйтіп, АӘК орта есеппен отбасының 1 адамына шаққанда 2 431 теңгені (2016 ж. – 1 418 теңге) құрады.

Ал ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсанында тұрғын үй көмегі 852 адамға (2016 ж.–1297 адам) төленіп, оған 4 966 641 теңге (2016 ж. –8 545 428 теңге) жұмсалды. Сөйтіп, 2017 жылы бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы – 218 176 теңгені құрап, 2016 жылдың сәйкес кезеңінен (193 418) 12,4% артты.

 Денсаулық

Аудан аумағында 27 мемлекеттік медициналық мекемеде,  19 қалалық және 8 республикалық ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарында  6 мыңнан аса медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Сондай-ақ, ауданда 203 жекеменшік денсаулық сақтау ұйымдары әрекет етеді.

Бостандық ауданы денсаулық сақтау мекемелерінің негізгі іс әрекеттер рейтингі бойынша 2 орынды иеленеді. Бұл ретте «ҚР 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын дамытуды жүзеге асыру бойынша» 2017 жылы  342 астам ауқымды акциялар өткізілді.

Туберкулезбен ауыратындар саны – 17,6% (59 жағдай) азайып (2016 жылы  22,6% немесе 68 жағдай), сәби шетінеуі 4 пайызға төмендеген. (Мысалы, 2016 жылы 12,6 болса, 2017 жылы 8,6 болған).

Онкологиялық аурулар 2016 жылы 745 адам болса, биыл 742 адамды құрады. Бұл ретте  анықталған  1-2 кезеңдегі обыр дертінің үлесі 2016 жылы – 65,9% болса, биыл – 65,6% құраған. Дегенмен, обырдың 4 кезең асқынуы байқалады.  Ол 2016 жылы 8,4% құраса, 2017 жылы 9,6% болып отыр. 

 Білім беру

Ауданда жалпы орта білім беруге 15 жеке және 33 мемлекеттік мектептер қатысып, барлығы 48 мекемемен жүзеге асырылады. 2017-2018 оқу жылдары жалпы оқушылар санын 36 352 бала құрап, оның ішінде 30 579 бала мемлекеттік мектептерде, жеке мектептерде - 5773 бала білім алды. 2017 жылы 2016 жылдан оқушылар 2641 балаға көбейіп, өсім 108% құрады.

2017 жылы ҰБТ-ға аудан бойынша 1054 оқушы (2016 жылы 945) қатысып,  барлық бітіруші 1489 түлектің 75,99% (2016 жылы- 70,52%) құрады. Аудан бойынша орташа балл – 98,21 (2016 жылы 94,32) болды. Мұнда орта баллдың өсу үрдісі  2016 жылға қарағанда 3,89 баллды құрады. Ауданда 2017 жылы ҰБТ бойынша орта көрсеткіші 100 баллды құраған 9 мектеп шықты. 

Сондай-ақ, аудандық пән олимпиадаларына 767 оқушы қатысып, оның ішінде 379 бала жүлдегер атанды (1 орын – 59, 2 орын – 84, 3 орын – 236). Онда №23, 70, 94,146, 183,189 мектептердің білім сапасы 100 пайызды көрсетті. Пән олимпиаларының қалалық турына 188 оқушы қатысып, оның 94-і жүлдегер атанып (1 орын – 16, 2 орын – 14, 3 орын – 64), 50 пайызды құрады. Әсіресе,  №165, 105, 68 мектептер ең көп жүлдеге ие болды.

Ал, жалпы пәндер бойынша оқушылардың республикалық  олимпиадаларына барлығы 51 оқушы қатысып, 49 жүлдегер шықты (96%).  Олардың ішінде 1орын – 9, 2 орын – 15, 3 орын – 25 жүлдегер атанды.

2017-2018  оқу жылдары аудандағы бірінші сыныпқа 3517 бала қабылданды. Бұл 2016-2017 жылдарға (4012) қарағанда  495 оқушыға азайғанды көрсетеді.

 Мектепке дейінгі білім беру

Бостандық ауданында 2017 жылы 10578 баланы қамтыған 29 мемлекеттік және 73 жекеменшік балабақша болды. Сондай-ақ, мемлекеттік жеке әріптестік шеңберіндегі «Балапан» бағдарламасы бойынша ауданда 2017 жылы 1004 баланы қамтыған 19 мекеме жұмыс істеді. Сөйтіп, бұл бағдарламамен жұмыс істеген ұйымдар 4-ке көбейіп, өсім 127% артты және балаларды қамту 339-ға өсіп, 151% құрады.

Мемлекеттік-жеке әріптестік шеңберінде 15 жекеменшік балабақша мемлекетпен ынтымақтаса әрекет етеді. Оларға қабылданған балалар саны 2017 жылы – 654 баланы құрады. Бұл ретте мемлекеттік балабақшаларда кезек мәселесін  жою үшін ҚР Үкіметінің «Мемлекеттік тапсырыс» арнайы бағдарламасы құрылып, ол  2020 жылға дейін әрекет етеді.

2017 жылы Бостандық ауданында 25 мектепке дейінгі мекеме ашылды.

 Жоғарғы және орта арнайы оқу орындары

Қазір Бостандық ауданында 13 ЖОО бар. Оның 2-і – мемлекеттік, 2-і –мамандандырылған, 9-ы – жекеменшік бағытта. Оларда жалпы саны 47 852 адам оқып, аудандағы жатақханалар 26-ны құрайды. Ал, аудандағы арнайы орта білім беру мекемелерінің саны 16-ы құрап, оларда – 7550 адам оқиды.

 Идеологиялық жұмыстар

2017 жылы ауданда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын түсіндіру бойынша 650 шара өткізілді. Оған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал мүшелері белсене қатысып, олар ақпараттық-насихаттық және тәрбиелік сипатта өтті. Сондай-ақ, «Туған жер» бағдарламасы аясында 10-нан аса жоба жүзеге асты. Нақтыласақ, 14 балалар спорт алаңқайлары ашылып, Байтұрсынов, Байқадамов, Біржан сал көшелері көріктендірілді. Одан басқа арнайы оқу орындары оқушылары арасында «Жас Өркен» тақырыбында байқау өткізілді. Сосын, қазақ алфавитін латын әліпбиіне көшіру мақсатында шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен 20-дан астам жастармен кездесу ұйымдастырылды.

  Мәдениет

Бостандық ауданында Ә.Қастеев ат. өнер мұражайы, Қазақ циркі,  қорында 26 800 648 кітап бар 5 кітапхана жұмыс істейді. Сосын, ауданда 1800 баланы қамтыған 131 үйірмесі бар Оқушылар үйі жұмыс істейді. Ауданда К.Бәйсейітова ат. музыка мектебі, О.Таңсықбаев ат. сәндік-қолданбалы өнер колледжі және Т.Жүргенов ат. өнер колледжі әрекет етіп, 7 кинотеатр орналасқан. Сондай-ақ, 12 тарихи және мәдени ескерткіштер қамқорлыққа алынған. Сосын, ауданда – 1 мемлекеттік музей, 1 – цирк, 1 – неміс театры,  1 – спорт колледжі, 5 – спорт кешені, 22 – субұрқақтар жұмыс істейді.

Сондай-ақ, аудандағы Тұңғыш Перзидент саябағында түрлі мәдени және спорттық шаралар өтіп тұрады. Бұдан басқа Алматы қаласының қонақтары мен аудан тұрғындарының қатысуымен биыл Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Қазақстан халқы бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс мерекесіне, ҚР мемлекеттік рәміздер күні, Халықаралық балаларды қорғау күні және Астана күні, ҚР Конституциясы күні, Алматы қаласы күні, ҚР Тұңғыш Президенті күні және ҚР Тәуелсіздік күні секілді мерекелерге орай 180 000-нен астам адам қатысқан шаралар өткізілді.

  Коммуналдық шаруашылық

Бостандық ауданының көппәтерлі тұрғын үй қоры 1 741 үйді қамтиды (88 418 пәтер, жалпы аумағы 5 669 460 ш.м.). Оларға – «Алматы жылу желілері» ЖШС, «Алматы Су» МКК, РЭС-2, РЭС-5,  «АЖК» АҚ және 120 ПИК пен 15 басқару компаниясы қызмет көрсетеді.

Осы ретте ПИК-дің өз қаражаты есебінен тұрғын үйлерге жоспардағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге талдау жасалып отырады. Нәтижесінде, аудандағы 1420 тұрғын үй (100%) болжанған кестеге сай жөндеуден өткізілді.  Сондай-ақ, аудан бойынша 2017 жылы 1363 ЖҮЕҚ орнатылып, ендігі жерде 294 ЖҮЕҚ орнату қажет. Сондай-ақ, есепті кезеңде комуналдық қызмет көрсетушілер мен магистральды және таратушы инженерлік желілерді 358 апаттық қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Бұдан басқа табиғатты қорғау полициясымен бірлесе аула аумақтарын Көріктендіру ережесін сақтауға байланысты тексерулер жүргізілді. Осылай Көріктендіру ережесін бұзған 50 ПИК-ке қатысты 3 257 470 теңгені құрайтын хаттама толтырылды.  Тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін 162 аулаға күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасалды. Сондай-ақ, «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша ауданда құны 1 073 488 682 теңгеге 90 көпқабатты тұрғын үй жөнделеді. Оның 63-і (шатыр, қасбет, подъезд, инженерлік желілер) 657,8 млн. теңгеге жөнделіп, 27 үйде 415,5 млн. теңгеге 66 лифт ауыстыру жұмысы аяқталды.

  Құрылыс

Ауданда 2017 жылы 297,9 мың ш.м. (241 тұрғын үй) тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде – 197,8 мың  ш.м.  (26 ғимарат), ЖТҚ – 100,08 мың ш.м. (214 құрылыс) және 1 жатақхана бар. Сөйтіп, тұрғын үй құрылысына бөлінген инвестиция  – 28 410,0 млн. теңгені құрады.

Бұл пайдалануға берілген 23 көпқабатты тұрғын үйлер негізінен: Комфорт, Солнечная Долина, Симфония, Ройал Гарден, Сезам, Вавилон, Камильфо тұрғын үй кешендерінде орналасқан.

 Көлік

Есепті кезеңде ауданда 23 517,8 мың жолаушы тасмалданған. Мұнда 1 ірі – «№2 автопаркі» қызмет көрсетеді. Аудандағы бағыттардың ұзындығы 831 шақырымды құрап, бағыттарға бекітілген автобустардың жалпы саны – 509 бірлік болады. Сондай-ақ, ауданда 4 метрополитен станциясы – «Алатау», «Байқоңыр», «Әуезов ат. дртеатр» және «Сайран» станциялары орналасқан.

 Көріктендіру және санитарлық жағдай

Ауданда көше жарық желілерін жөндеумен, қызмет көрсетумен және қалпына келтірумен Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы Қала Жарық» МКК айналысады. 2017 жылы ұзындығы 380,4 шақырым болатын, жалпы сомасы 268 552 000 теңгені құрайтын 10 953 жарық нүктесі жөнделді. Сондай-ақ, 2017 жылы 398 дана жаңа жарық нүктелерінің құрылысы жүргізілді.

«Алматы тазалық» КҚК жалпы сомасы 1 013 117 000 теңгеге жалпы ұзындығы 241,7 шақырым болатын 6 көлік жолайырығын, 229 көше мен өткелдерді тазалау жұмыстарын жүргізді.

Ал, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарумен «Тәртіп» АҚ айналысады. Ауданда 300 контейнер алаңқайлары, соның ішінде ТҚҚ бөліп жинайтын 81 жерасты контейнер алаңқайы бар. Ауданда 1333 дана контейнерлер бар және күн сайын шығарылатын қоқыс орта есеппен 1400 текше метрді құрайды.

 Елді-мекендерді көріктендіру және жасылдандыру

Ауданда жалпы аумағы 274,4 га. болатын саябақтарды, гүлзарларды, айырма жолақтарды, көпшілік орындарды, «Үлкен Алматы», «Есентай» өзендерінің жағалауларын, көлік жолайрықтарын ұстау мен тазалауға жалпы сомасы 861 332 518 теңге жұмсалған жұмыстар істелді. Сондай-ақ, «StampService» ЖШС ұзындығы 146,5 шақырым болатын арық желісін тазалады.

Сосын 2220 ағашқа сәндік кесу, 7 291 дана ағашқа санитарлық кесулер және 355 дана апатты ағашты кесу жұмыстары жүргізілді. Бұдан басқа аумақтарды көркейту және гүлмен безендіру бойынша мынадай жұмыстар жүргізілді:

– 500 ш.м. аумақтағы гүлзарды бөлу, сондай-ақ, 51 837 ш.м. аумаққа газондар отырғызу бойынша жұмыстар істеліп, 5554 ағаш отырғызылды;

– 140 қоқыс жәшігі, 40 орындық, 95 гүл вазондары орнатылды;

– Сосын көпшілік орындарда, гүлзарларда, саябақтарда орналасқан 3 210 ш.м. асфальт жол төселіміне, 985 ш.м. кеспе тас жолдарына, 200 ш.м. мәрмәр тас жолдарына қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

Сондай-ақ, дат сәулетшісі Ян Гейлдің тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша Байқадамов бульвары, Біржан сал көшесінің жаяу жүргіншілер аймағы көріктендіріліп, Қ.Сәтбаев ескерткіші гүлзарына және Тимирязев көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

Бұдан басқа «Құтқару қызметі» ҚМК және аудан қызметтерімен бірге Кереңқұлақ, Ремизовка өзендері, М-1 және М-2 каналдары арнасын тазалау мен тереңдету жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 360 т.м. лай мен құм шығарылып, оған 13 техника қатыстырылды. Сосын «Қазселденқорғау» ММ Үлкен Алматы өзенінің арнасын, тасқын ұстау бөгетін және екі тұндырғышты лай мен құмнан және кездойсоқ қоқыстан тазалау жұмысын жасап, Есентай өзенінің арнасы тазаланып бітірілді. 

– Бұдан басқа аудандағы Тұңғыш Президент саябағы, «Жас Қанат» гүлзары, К.Бәйсейітова көшесін көріктендіру жұмыстары аяқталды;

– Сәтпаев-Жандосов-Абай-Мұқанов жолайрығы мен Абай даңғылындағы айырма жолақта метро стансасын қоса алғанда су шашатын суқұбыры жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталды;

– саябақтар мен гүлзарларды көріктендіру бойынша ЖСҚ жасалып жатыр: «Достық» саябағы, Есентай өзенінінің әл-Фараби даң. Тимирязев көшесіне дейінгі жағасы, «Олимпиадашылар» сквері.

Алматы қаласы Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы мына жұмыстарды аяқтады:

-Жалпы сомасы 1 865 674 565 теңгеге 60 көшенің жалпы ұзындығы 45,439 шақырым асфальт жол төселімінің орташа жөндеу жұмысы, оның ішінде 27,8 шақырым қалаға қосылған аумақтар:

-Саина, Торайғыров, Каблуков көшелері бойынша сомасы 159 955 040 теңге 3,724 шақырым веложол құрылысы;

Есепті кезеңде ауданда барлығы 119 жаңа үлгідегі аялдамалық кешендер орнатылды. Нәтижесінде, аудандағы жаңа аялдамалар 266 бірлікті құрады.

 

06.01.2018