2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.03.2015

8 Наурыз мерекесімен құттықтау


К.Байсеитова атындағы Республикалық  дарынды балаларға арналған музыкалық  мектеп  интернатының акті залына аудан әкімі Бекқали Нұрғалиұлы Торғаев ауданның  асыл жанды аруларын, көрікті қыздар мен келіншектерді 8 наурыз Халықаралық мерекесімен құттықтады.

Қонақтар алдына аудан әкімі Бекқали Нұрғалиұлы шығып, 8 - Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, жайма шуақ көктем күніндей құлтырып жүрулеріне және отбасытарына береке, ынтымақ тілеп, артынан еңбек жолында алдынғы қатардан көрінген азаматшалар мен көп балалы аналарға алғыс хаттар мен грамота табыстады.

Салтанатты жиынды ҚР еңбек сіңірген қайраткері көркемөнер жетекшісі, дирижер Беляков А.В жетекшілігімен К. Байсейтова атындағы музыка мектебінің эстрадалық-симфониялық оркестрі және халықаралық байқаулар лауреаты жеке орындаушы Игорь Благодарный, Береке Енкебаева, Илья Абдрашевтың өнері толықтырды.


05.03.2015