Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.07.2018

Аудан азаматтары Астананың 20 жылдық мерейтой медалімен марапатталды.


Шілде айының басталуымен Алматы қаласы Бостандық ауданда Астананың 20 жыл мерейтойына арналған мәдени шаралар көптеп өтуде.

Бүгін Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдігінде аудан басшысы Торғаев Бекқали Нұрғалиұлы ауданның бірқатар тұрғындарын «Астана -20 жыл» мерейтой медалімен марапаттады.

                

Олардың ішінде Егемендік алған  тәуелсіз еліміздің өркендеп өсуіне үлкен үлесін қосқан, білім беру саласында Қазақстан Республикасы еңбегі сіңген қайтаркері, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, «Құрмет» ордені, Ы. Алтынсарин құрмет төсбелгілерінің иегері, педагогика ғылымдардың докторы, профессор - Әбілқасымова Алма Есімбекқызы,  дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор Омаров Қасым Тоқтамысұлы марапатталды.

             

Бекқали Нұрғалиұлы марапат иелерін Астананың 20 жылдығымен құттықтап, зор денсаулық отбасы бақытын тілеп, еліміздің даму жолында атқарған ерен еңбектері үшін алғыс білдірді.

«Астана 20 жыл» медалі ҚР және оның елордасын қалыптастыруға және дамытуға елеулі үлес қосқан қазақстандықтар мен шетел азаматтарын ынталандыру мақсатында әзірленген. Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы 2018 жылдың 17-ші сәуірінде қол қойды.



05.07.2018