Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.12.2018

Аудан әкімінің жеке қабылдауы өтті


Бостандық ауданының әкімі Алтай Рақымбетов кезекті азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.

           

Қабылдау барысында алдын ала жазылып келген 5 азамат аула ішін абаттандыру, үйіне газ орнатуына көмек көрсету және жазған арызына жауапты қанағаттандырмауы туралы шағымдарын айтып жеткізді.

           

Азаматтарды қабылдау кезінде Алтай Ерғазыұлы көтерілген барлық сұрақтарға түсініктеме берді, сондай-ақ кездесуге қатысып отырған аудан әкімінің орынбасарына және бөлім басшыларына аталған мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылдауға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

05.12.2018