Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.11.2018

Ауданның әлеуметтік қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады


Бұл кәсіби мейрам сала мамандары жеті жылдан бері атап өтуде. Дәлірек айтсақ, әлеуметтік қызметкерлер күні Қазақстанда Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» № 164 Жарлығы негізінде аталып өтіледі. Қазанның соңғы жексенбісінде «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлер күні» мерекеленеді.

           

Осыған байланысты Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімшілігінде ауданның әлеуметтік қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады.

           

Мереке иелеріне құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Балбаева Мароажан Ертайқызы «Бүгінде еліміздің әлеуметтік қорғау жүйесі бойынша  қоғамның барлық әлеуметтік топтарына лайықты қамқорлық көрсетіліп жатыр. Қазір елімізде және ауданда көптеген әлеуметтік бағдарламалар қабылданды, тиісті іс-шаралар жоспарланып, жұмыстар жүйелі атқарылып жатыр. Осы бағдарламаларда жүктелген міндеттерге қарамастан, кәсіпқойлық пен жоғары жауапкершілікті сезінетін әлеуметтік қорғау жүйесі ұжымына шын ықыласыммен ризашылығымды білдіргім келеді. Әр уақытта қоғамдағы мұқтаж жандарға қол ұшын беруге дайын, қиын жағдайларға душар болған адамдарға көмектесетін әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбегі ерекше. Осындай мерейлі күні әлеуметтік қорғау саласындағы еңбектеріңіз үшін ризашылық білдіре отырып, қыруар жұмыстардың ыстығы мен суығына төзіп, аянбай қызмет етіп келе жатқан Сіздерге зор денсаулық, қиын да қастерлі қызметтеріңізде мол табыс тілеймін!,-деп ағыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.

           

Құттықтау сөзіне Бостандық ауданы әкімі аппаратының әлеусеттік сала бөлімінің жетекшісі Дыльдибаева Дина олатбекқызы қосылды.

05.11.2018