Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.10.2019

Ауданда жергілікті сенбілік өтті


Бүгін, 5 қазан күні Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдігі «Жасыл Алматы» акциясы аясында Үлкен Алматы өзені жағалауында  жергілікті сенбілік өткізіп, жасыл желектер отырғызды.

 

Акцияға аудан әкімі Алтай Рақымбетов, Алматы қаласы Маслихат депутаты Р.Алшанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Біржанов азаматтық белсенді С.Ташимова, аудандық салық басқармасы,   қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы өкілдері мен студент жастар, бас аяғы 500 астап адам қатысты.

 

Шараға 23 бірлік арнайы техника тартылып, 250 тұп емен, шырша, көктерек ағаштары отырғызылды.

 

Сондай ақ тазалық акциясына қатысушылар өзен жағасындағы бетон плиталарды тазалап, оны сырлап, 150 тоннадан аса қоқыс шығарды.

 

 

 
 
 

05.10.2019