Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.10.2018

Аудан ұстаздарын төл мерекелерінмен құттықтады


Ұлтты ұстаз тәрбиелейтінін ескерсек, өмірдегі жақсылық атаулының барлығы да ұстаздар есімімен байланысты. Осыған орай ұрпақ тәрбиесіне бар саналы ғұмырын арнап жүрген ұстаздардың төл мерекесі 5 қазан болып белгіленген.

           

«Мектеп-білім тірегі, Ұстаз-оның жүрегі» деген ұлағатты сөзге арқау болған ұстаздар қауымының салтанатты мерекелік кеші қазан айының 4-і күні Бостандық ауданындағы №146 мектеп гимназияның акт залында өтті.

           

Аудан педагогтарын төл мерекелерімен аудан әкімінің орынбасары Балбаева Маржан Ертайқызы құттықтап, ұстаздардың жас ұрпақ тәрбиелеудегі қажырлы еңбектерін тілге тиек ете отырып, жүрекжарды тілегін арнады. 

         

Артынан аудан басшысының орынбасары Маржан Ертайқызы өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен оқуына елеулі үлес қосқаны үшін және жоғары кәсібилігі мен Ұстаздар күнін мерекелеуде бірқатар ұстаздарды аудан Әкімінің атынан Грамота мен Алғыс хаттармен марапаттап, гүл шоқтарын сыйлады.

           

Осынау көтеріңкі көңіл күй сыйлаған салтанатты рәсімнен кейін кешті Қазақстан эстрадасының еңбек сіңірген әртістері Арман Дүйсенов, Толқын Забирова және тағы басқа әншілердің концерттік бағдарламасы жалғастырды.

05.10.2018