Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.10.2017

Ақ халаттылар қарттарды мерекесімен құттықтады.


Алматы қаласы Бостандық ауданы Медициналық бірлестігі «Мейірбике ісі» ауруханасында «Ардагерлерді ардақтайық» «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының партиялық жобасын іске асыру аясында ұйымдастырған «Қарттар күні» мерекелік іс-шараға қатысты.

         

   Шараға Бостандық ауданы әкімі аппаратының денсаулықты сақтау саласының кураторы, Бостандық ауданы медициналық бірлестігінің бас дәрігері, Бостандық аудандық ардагерлер қоғамының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, сондай ақ тек қаламыздың ғана емес, сонымен бірге жалпы еліміздің денсаулық сақтау саласына үлесін қосқан ардагерлер қатысты.

            Мерекелік шараның ресми бөлімінде аталған мекеменің бірқатар қызметкерлерінің еңбектері еленіп, алғыс хат пен құрмет граматасы табысталды.

         

Шұғыл жедел жәрдем көрсету ауруханасы, қалалық клиниклық ауруханасы және қалалық ревмотология орталығының дәрігерлері мерекеге жиналған пациенттерге медициналық қызмет көрсетіп, қарттарға сыйлық табыстады.

   

 Ал  Алматы Медицина колледжі студенттері келушілерге концерттік бағдарлама ұсынды.

Мерекелік шара Бостандық ауданы ардагерлер хорының өнер көрсетуімен аяқталды.

              

 

05.10.2017