Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.09.2019

Бостандық ауданы активі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылад


2019 жылы 2 қыркүйекте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы жолдауын жеткізді. Онда ол мемлекетіміздің дамуының 5 негізгі бағыттарын көрсетті.

Бүгін Алматы қаласы Бостандық ауданының активі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылады.

Кездесуге Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық қызметтер басшылары, мектептер мен жоғары оқу орындары, орта мектеп орындарының директорлары, орта және шағын бизнес өкілдері, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, «Жас Отан» жастар қанаты және т.б. қатысты.

Кездесуді ашқан аудан әкімі Алтай Рақымбетов Мемлекет басшысының адами капиталдың сапалы өсуі үшін жағдайларды қамтамасыз етуге ерекше назар аударғанын атап өтті. Елдегі мұғалімдердің жалақысын көтеру, шағын және орта бизнесті негізгі қызмет түрлеріне салық төлеуден үш жыл мерзімге босату, жобалық қаржыландыруды ұлғайту «Диплом ауылға» еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын маңызды бағыттарға күшті серпін бергенін айтып жеткізді.

 

Талқылаудың негізгі тақырыптары азаматтардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарау, кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, аумақтық даму бағдарламасын әрі қарай іске асыру, азаматтық қоғамды дамыту, ауыр қылмыстар үшін жауапкершілікті арттыру, полиция қызметінің тиімділігі мен полиция қызметінің беделін арттыру, жер реформасы және т.б.

Кездесу барысында жиналғандар Жолдаудың әр бағытын талқылады және әсіресе Мемлекет басшысының «Біздің ортақ міндетіміз адамдардың барлық сұрақтарына тез жауап беретін «Еститін» мемлекет тұжырымын жүзеге асыру.

 

Бізе тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, аймақтарды дамыту және атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев қойған міндеттерді шешуге назар аударды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы - еліміздің одан әрі экономикалық өркендеуі үшін өте маңызды негізгі стратегиялық бағдарлама. Әр қызметкер Жолдауда көрсетілген міндеттерге өз үлестерін қосуы керек!.

05.09.2019