Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.07.2018

Бостандық ауданында «Нұр Отан» партиясының қатары толықты


Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай ауданда көптеген игі шаралар өтуде, соның бірі «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы қабырғасында өтті.

                

Аудан әкімі Торғаев Бекқали Нұрғалиұлы партия қатарына жаңа өткен нұротандықтарды құттықтап, партия билетін табыстады.

           

Шара барысында аудан басшысы жиналғандарды Астана қаласының 20 жылдығымен құттықтады. «Бүгіннен бастап Сіздер Нұр Отан партиясының қатарына кірдіңіздер. Бұл сіздердің өмірлеріңізге жаңаша серпін беріп, Елбасының саясатын жүргізіп отырған бірден-бір беделді партияның мүшесі болу – абыройлы міндет екенін айта келе Сіздерге сенім білдіреміз», – деп атап өтті.

Өз кезегінде Нұротандықтар алғыс айтып сенімді ақтауға уәде берді.

05.07.2018