Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.06.2019

Ауданда ҚР Рәміздер күні аталып өтті


Бостандық ауданында Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні аталып өтті. Салтанатты жиында Алматы әкімі Бауыржан Байбек ел азаматтарын мерекемен құттықтады.

 

Қазақ Ұлттық Университетінде  Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында мемлекеттік рәміздердің 27 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. 1992 жылдың 4 маусымында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Рсепубликасының Мемлекеттік туы, Елтаңбасы мен алғашқы Әнұраны бекітілді.

 

Жиында Алматы әкімі Бауыржан Байбек жастардың алдында сөз сөйледі. Ол Қазақстанның мемлекеттік рәміздері Отанға, ел тарихы мен мемлекеттік тілге, мәдениет пен дәстүрге деген шынайы сүйспеншіліктің көрінісі екенін және рәміздердің Алматыда қабылданғанын айтты.

Салтанатты жиын Нұржан Керменбаев, Кентал, Моник сияқты өнерпаздар мен “Сарын”, “Дауыс International”, “Азия” топтары және басқалар қатысқан мерекелік концертке ұласты.


05.06.2019