Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.06.2018

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған Флешмоб


«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес жыл сайын 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Мемлекеттік рәміздер - өзінің жеке басын және егемендігін білдіретін кез келген мемлекеттің ажырамас атрибуттарының бірі.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік рәміздер - Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Гимн.

           

 Осыған байланысты ағымдағы жылдың 4 маусымында сағат 10.00-де Бостандық ауданында Тұңғыш Президент саябағында Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының студенттері мен профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен жастар флешмобын ұйымдастырып өткізді.

 Флэш-моб шеңберінде Мемлекеттік әнұранның орындалды, артынан студенттер қолдарына ту ұстап синхрондалған би орындады.

05.06.2018