Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.05.2018

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті .


Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс  залында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті.

           

Мерекелік жиынға Ұлы Отан соғыс ардагерлер мен әскери  қызметкерлер, құқық қорғау органы мен басқа да күш құрылымы  қызметкерлері қатысты. 

           

Шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранымен басталды, артынан жиналған қонақтар алдына аудан әкімінің орынбасары Маржан Балбаева шығып құттықтады.

           

 «Құрметті соғыс және еңбек ардагерлері! Қадірменді офицерлер мен сарбаздар! «Сіздерді келе жатқан Ұлы Жеңістің 73 жылдығымен және Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!. Еліміздің бүгінгідей зор жетістіктерге жетіп, берекесінің бекем болуы Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында мүмкін болып отыр. Сіздерге зор денсаулық қызметтеріңіз бен еңбектеріңізге, жауынгерлік даярлықтарыңызға табыс тілеймін».  Құттықтау сөзі соңында еңбекте алдынғы қатардан көрінген азаматтарға грамоталар табыстады. 

           

Салтанатты жиын қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

           

05.05.2018