2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.03.2020

Құрметті ата-аналар мен балалар!




Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тарапынан Telegram мессенджерінде «Bala QORGAÝ» (Бала Қорғау) чат-каналы қолданысқа енді.

 Білім және ғылым министрлігінің Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, чатты ашудың мақсаты кәмелеттік жасқа толмаған балаларға құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, сондай-ақ педагогтардың әдепке жатпайтын мінез-құлық фактілері бойынша хабарламаларды анықтау.

Егер жоғарыда көрсетілген фактілер туралы белгілі болса, облыс, аудан, ауыл, білім беру ұйымының атауы көрсете отырып, аталған чатқа ақпаратты жіберуге болады.

Чат-каналға қосылу үшін Telegram қосымшасының браузерінде «bala_qorgau» деп көрсету керек.

05.03.2020