Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.03.2018

Аудан әкімі азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады


Бүгін, 2008 жылы 5 наурыз күні аудан әкімі Бекқали Нұрғалиұлы Торғаев аудан тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдауға аудан әкімі аппаратының бөлім жетекшілері мен жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің кординатор -кеңесшісі  қатысты.

           

Естеріңізге сала кетейік, әр аптаның дүйсенбі күні сағат 14.30 да бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімі Бекқали Торғаев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды.

           

Бүгінгі қабылдауда көтерілген сұрақтардың басым бөлігі негізінен әлеуметтік-тұрмыстық және коммуналды шаруашылық бағытында болды.

Аудан әкімі қойылған сұрақтарға толық жауаптар беріп, олардың кейбіреулері жақын арада жою және тиісті шаралар қабылдау үшін аудан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлеріне нұсқаулар берілді.

05.03.2018