Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.02.2019

Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды


ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары болып Марат Сембеков тағайындалды.
          

 Жаңа қызметкер еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде бастаған. Әр жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, Премьер-Министрдің Кеңсесінде, республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде жұмыс істеген. 

2010-2015 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі басшысының орынбасары болған. 

2015 жылдан 2019 жылға дейін Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған. Марат Сембеков қала әкімінің орынбасары лауазымында шағын және орта бизнесті қолдау, инвестиция тарту, тұрғын үй саясаты, Алматының энерготиімділігі және инфрақұрылымдық дамуы мәселелеріне басшылық жасайды.

 Өз кезегінде бұған дейін қала әкімінің орынбасары болған Алмас Мәдиев директорлар кеңесінің шешімімен «Алматы» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация басқармасының төрағасы болып тағайындалды.  




05.02.2019