Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.12.2018

Ауданда жаңа тегін мұз айдыны ашылды


Алматы қаласы Бостандық ауданында Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Атакен» ҚЫӘО алаңы алдында, қала жұртшылығына танымал болып үлгерген «Алып Тиын» жанынан 24 сағат бойына тегін жұмыс істейтін мұз айдыны ашылды. Енді қала тұрғындары мен қонақтары тәулік бойы сырғанай алады.

           

Бұдан өзге қаламыздың басқа аудандарында бірнеше мұз айдындары жұмысын бастайды. Барлық мұз айдындарында нұсқаушылар жұмыс істейді, олар сырғанаушыларға тегін кеңес береді.

           

Мұз айдындары жанында конькилерді жалға беру және тамақтану аймақтары қарастырылған, олар таңғы сағат 10:00 ден түнгі 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Конькиді прокатқа 700-800 теңге алуға болады.

04.12.2018