Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.12.2017

«Әбіш оқулары» аудандық байқау жеңімпаздары анықталды


Алматы  қаласы, Бостандық ауданында «№69  ЖББМ» КММ    ұйымдастыруымен жалпы  білім беретін  пәндер бойынша  8-11  сынып  оқушылар  арасында   аудандық   «Әбіш  оқулары»  байқауы  өтті.

         

Байқау  4 бөлімнен тұрды. Байқауға қатысушылар әуелі Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу сайысы бойынша бағаланды. Одан соң Әбіш Кекілбаевтың шығармаларынан мәнерлеп оқудан жарысты. Байқаудың келесі кезеңдері бойынша оқушылар Әбіш ағаның шығармаларынан зерделеу жобаларын қорғап, сахналық қойылымдар қойды.

Байқауға  №138, № 60 , №69, №23, №38, №65   мектеп - гимназиялары мен жалпы білім беретін мектептер қатысты.

             

Сайыстың әділ-қазы мүшелегіне Бостандық аудандық білім бөлімінің әдіскері -  Қаласова  Жібек Алпамысқызы, Ақын, Қазақстан Жазушылар  одағының  мүшесі -  Мұратқан  Шоқан,   Ардагер    ұстаз   - Шаймаханбетова   Санаткуль  Ашимқызы,   Бостандық  аудандық  білім беру  қызметкерлері  кәсіподақ   ұйымының төрайымы- Ахметбаева  Гульнара Бектасынқызы  кірді.

          

Байқау  қорытындысы  бойынша  қазылар  алқасы  әділ   бағаларын  беріп,  жеңімпаздарды мақтау қағаздармен марапаттады. 

«Иллюстрациялық суреттер»  аталымы   бойынша:

І- орын- №38 мектеп  -гимназияның 10 «А»  сынып  оқушысы   Ли  Анна,

ІІ-орын - №69  мектептің  8 «А»  сынып    оқушысы  Матайбаева  София, №60 мектеп- гимназияның    11 «Б»  сынып  оқушысы  Ешкенова  Айгуль , 

ІІІ-орын  №23  мектеп-гимназияның 9 «Б»  сынып  оқушысы  Искакова  Шырын  иеленді.

«Мәнерлеп оқу»  номинациясы  бойынша:

І-  орын - №138 мектеп  -гимназиясының  9 «А»  сынып  оқушысы   Еренбаева Айгул;

ІІ- орын - №69  мектептің  8 «А»  сынып    оқушысы  Серікбаева Ұлмира  және  №60 мектеп  -гимназиясының 11 «А»  сынып  оқушысы  Ли Виктория   

ІІІ- орын - №38 мектеп  -гимназияның 9  «А»  сынып  оқушысы Черникова Н.  

«Ғылыми жобалар»    номианциясы бойынша:

І- орын - №138 мектеп-гимназиясының  10 «А»  сынып  оқушысы   Рахимбаева   Мадина                          Нұржанқызы, 

ІІ- орын - №138 мектеп -гимназиясының  11 «Б»  сынып  оқушысы    КасимоваГульнур,

ІІІ- орын  - №93 мектептің  10 «А»  сынып  оқушысы   Бекназарова   А.  Иеленді.

«Сахналық қойылым»  номинациясы  бойынша:

І-  орын  - №138 мектеп  -гимназиясының  9 «А»  сынып  оқушылары,

ІІ-  орын  - №93 мектептің  10 «А»  сынып  оқушылары  иеленді.

 Бостандық   аудандық   «Әбіш  оқулары»  байқауынан  І- орынға  ие болған оқушылар  қалалық   «Әбіш  оқулары»  байқауына  жолдама алды. 

04.12.2017