Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.10.2018

Хабарландыру! Сүт безі қатерлі ісігіне тексеріл


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында 6 қазан (сенбілік) және 12 қазан (жұма) 2018-ден 9.00-ден 14.00-ге дейін сүт безі қатерлі ісігіне қарсы күрес күнімен тұспа-тұс келген Ашық есік күні өтеді!

           

Тегін кеңесті институттың жетекші мамандары - білікті маммологтар өткізеді.

Патология анықталған жағдайда, көрсеткіштерге сәйкес тегін ультрадыбыстық, маммография және биопсияның т.б тексеру жүргізіледі.

Бұдан басқа, егер әйелде отбасылық анамнез- болған кезде, онда сүт безінің қатерлі ісігіне тұқым қуалауға бейімділікке тестілеуге мүмкіндік бар.

Ашық есік күні өтетін мекен-жайы: Алматы қаласы, Абай көшесі, 91, Шагабутдинов көшесінің бұрышы (Орталық стадионға қарама-қарсы). Қабылдау және кеңес беру бөлімі.

2018 жылғы 20 қазанда, сенбі күні Ашық есік күні Қазақстанның барлық онкологиялық диспансерлерінде өтеді. Әйелдер маммологпен кеңес алу мүмкіндігіне ие болады және ультрадыбыстық сканерден өтеді, белгілерге сәйкес маммограммадан өтеді! Өз қалаларының онкологиялық клиникаларында нақты уақытты тексеріңіз.

Қазақстандағы рак ауруларының арасында сүт безінің қатерлі ісігі бірінші орын алады. Жыл сайын Қазақстанда 4 мыңнан астам жаңа сүт безі қатерлі ісігі тіркеледі. Емшектегі қатерлі ісіктерден 1400-ге жуық әйел өледі.

Қазақстанда 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдердің емханаларда қолжетімді болатын 2 жыл ішінде 1 рет тегін профилактикалық маммографиясы болуы керек.

Біз барлық қазақстандық әйелдерді емшекті емдеушілерге уақытында қарауға шақырамыз!

Онкологиялық ауруларды тегін скрининг туралы барлық ақпараттыемханаларда табуға болады.

04.10.2018