Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.07.2018

Ауданда компьютерлік сауаттылыққа үйрету курстары жалғасуда


Алматы қаласы Энергетика және коммуникация университеті (АЭжБУ) базасында Бостандық ауданы зейнеркерлеріне арналған тегін компьютерлік сауаттылықты үйрету курстары жалғасуда.

Мұнда  аудан  зейнеткерлері мен егде жастағы азаматтарға информатика пәнінің ерікті мұғалімдері  аптасына екі рет заманауи компьютер технологияларының қыр сырымен таныстырып, еркін пайдалануға үйретеді.

           

Қазіргі таңда компьютер біліктілігін үйренуге орта есеппен 65 жастағы 40 адам келеді. 

Аталған оқу-үйрету курсы Жол картасы шеңберінде «Белсенді ұзақ өмір сүру» қалалық бағадрама аясында егде жастағы адамдарды белсенді өмір сүруге тарту, олардың әлеуетін пайдалану және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету және қолдау болып табылады.

          

Курста оқу арқылы ақпараттық технологиялар саласындағы қажетті дағдыларды игеруге, қазіргі қоғамның жағдайына бейімделуге, қажетті электронды тізілім арқылы дәрігерге жазылуға, онлайн қызметтер арқылы коммуналдық қызметтерді төлеуді, әлеуметтік желілерге тіркелуді, электронды кітаптарды жүктеуді, еліміздегі және шетелдегі оқиғаларды қадағалап отыруды және тағы басқа қызмет түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді.

           

Қазіргі таңда осы жоба бойынша ауданның 300 зейнеткері курстан өтті.

Бұдан өзге,ауданда жаттығу терапиясы, фитнес, йога, скандинавиялық жүру таңертеңгі және кешкі сабақтар ұйымдастырылған.

Алдағы уақытта қаламызда «Аtа -Аpа.kz» Интернет-порталы іске қосылатын болады. Онда ағымдағы әлеуметтік және мемлекеттік бағдарламалар және қарт адамдарға арналған арнайы еңбек биржасы туралы барлық пайдалы ақпарат алуға болады.



04.07.2018