Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.06.2018

Бостандық ауданы ІІБ Балаларды қорғау күніне орай № 1 Балалар үйі тұрғындарын құттықтады


Жаздың бірінші күні Бостандық АІІБ-нің жеке құрамы №1 балалар үйіне ресми сапармен келіп, балалардың төл мерекесі - Балаларды қорғау күнімен құттықтады.

           

Бұл күн балалар үшін қуанышты мерекелердің бірі ғана емес, сондай ақ ересектерге олардың жауапкершілігі туралы және балаларға әрдайым қамқорлық көрсетіп, қорғаныш болуды ескерту. Ал ата-ана қамқорлығынан тыс қалған балалар өздеріне назар аударуды және қайырымдылықты екі есе көп қажет ететінін ескерту.

          

Полиция қызметкерлері кішкентай оқушылар да, олардың тәлімгерлері де асыға күткен сыйлықтармен: дойбы, шахмат, теннис үстелі, бадминтон жиынтығы, шарлар, әуе шарлармен келген, - бұл балалардың жүздерінде қуаныш пен бақыт сыйлады.

          

Бұдан өзге, шығармашылық әлеуетті дамыту, музыка мен ұлттық дәстүрлерге деген сүйіспеншілікке баулуға, қазақ халық аспаптары - домбыра сыйлық ретінде ұсынылды. Қайырымдылық сыйлықтары ішінде Балалар үйіне қажетті - тұрмыстық техника, шайнектер, үтік, кір кептіргіштер, үтіктеу тақталары да бар.

          

Бұл күні тағы бір маңызды оқиға болды, полиция мен балалар арасындағы қуанышты және достық қарым-қатынас орнатылды, баланың құқық қорғау органдарына деген сенімі және Ішкі істер басқармасының өкілдері біздің еліміздің кішікентай азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасайтындарын айтып жеткізді.

Мереке соңында балаларға тәтті дәмдерден дастархан жайылды.

04.06.2018