Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.05.2018

Әлеуметтік үй тұрғындарын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады


Көктемнің шуақты мамыр айы мерекелерге толы, соның бірі бүгін Бостандық ауданы зейнет жасындағы жалғыз басты, ерлі зайыпты және мүгедек қарттарға арналған әлеуметтік үйінде өтті.

           

Бостандық ауданы әкімдігі аталған әлеуметтік тұрғын үйдің тұрғындарын 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Ұлы Жеңістің 73 жылдығымен құттықтады.

           

Шараға «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары, Алматы қаласы Мәслихат депутаты Станислав Канкуров , Бостандық аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хамид Біржанов қатысып әлеуметтік үй тұрғындарын мерекелерімен құттықтап тілек білдірді.

           

Мерекелік шараның сәнін келтіріп мың бұралып билеп, күміс көмей ән салған № 2 мүгедек балалар үйінің талантты тәрбиеленушілері болды.

           

Әлеуметтік үй (меншік кешені ретінде) - Алматы қаласының коммуналдық меншігі.Әлеуметтік үй Алматы қаласының тұрғындарының әлеуметтік қорғауға арналған қаражат есебінен қамтылады. Мұнда тұрғындар ашық жарқын көңіл-күй және қамқорлықпен қоршалған, барлық ішкі және әлеуметтік сипаттағы проблемалар мекеменің қызметкерлерімен шешіледі.

Қазіргі уақытта әлеуметтік тұрғын үйде - 50 адам тұрады, оның ішінде 14 ер адам, 36 әйел тұрады. ҰОС мүгедегі-1, ҰОС қатысушы -3 қарт, 1 ерлі-зайыптылар,   1-ерлі-зайыпты отбасы тұрады.

04.05.2018