Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.04.2018

Бостандық ауданында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздің комитетінің мүшесі Ержан Құдайберген Төлепұлымен кездесу өтті.


2018 жылы 04 сәуір күні Алматы қаласы Бостандық ауданы базасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М. Есболатов атындағы Алматы Академиясында ҚР Президенті Н.Ә.  Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін түсіндіру аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ержан Құдайберген Төлепұлымен кездесті.

           

Кездесу барысында депутат Академия курсанттарына Президенттің Жолдауының кейбір ережелерін, әлеуметтік жаңғыртуға бағытталған бес әлеуметтік бастаманы түсіндіріп, тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа механизміне нақты тоқталып өтті.

           

Шара соңында Елбасының барлық міндеттері мемлекеттің дамуына бағытталған және қарапайым қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталғаны айтылды.

           

Кездесуге Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Балбаева Маржан Ертайқызы, Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы Академиясының басшысы Талғат Құлыбаев, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының саяси жұмыс бөлімінің басшысы - Табеев Қайыр-Мұнар Тұрдахунұлы  және  ҚР Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласы Академиясының басшылығы мен курсанттары қатысты.

04.04.2018