Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.04.2017

Әлеуметтік маңызы бар аурулармен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті


  Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратында  әлеуметтік маңызы бар аурулармен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия төрағасының орынбасары,   Бостандық ауданыдық тұтынушылар құқығын қорғау басқарма жетекшісі - Кусаинова Клара Нагимқызының  төрағалық етуімен әлеуметтік маңызы бар аурулармен күрес жөніндегі ведемоствоаралық комиссияның  отырысы өтті.

          

   Комиссия отырысына  штаб мүшелері, медицина мекеме басшылары және ЖОО мен АООО проректорлары мен  жалпы білім беру мектеп директорлары мен комиссия хатшысы Сәдібек Қарлығаш қатысты.

          

   Жиын барысында  күн тәртібіне қойылған  үш сұрақ 1.Туберкулез ауруы бойынша 2016 жылдың қорытындысы және  2017 жылы аурудың алдын алуға қарсы жүргізілетін іс – шаралар туралы ақпарат;  2. Жұқпалы аурулар бойынша 2016 жылдағы көрсеткіштері жөнінде ақпарат; 3. Халықтың тез қабылдайтын ортасында АИТ жұқпасының таралуының алдын алу бойынша ақпарат  қаралып, тыңдалды 

         

Жиын соңында жиналғандар бірауздан қолдаған бірқатар шешімдер қабылданып орындалуға жолданды.

04.04.2017