2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.03.2020

Ауданда көп балалы аналарға алтын және күміс алқа табыс етілді


Бүгін көктем мерекесі қарсаңында Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Маржан Балбаева ауданның көп балалы аналар қатарын толтырған 5 анаға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік төсбелгілерін берді.

«Ғалым да, ақын да, батыр да, дана да анадан туады. Бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен аяулы аналарды құрметтеу – біздің парызымыз. Ерлермен иық теңестіріп, батырларға тән ерліктерімен аңызға айналған аналарымыз да аз емес.  Сондықтан, батыр ана атанып «барым балам үшін» деген Сіздерді, бүгінгі күннің нағыз батырлары ретінде мақтан етеміз», – деген Маржан Ертайқызы батыр аналарға гул шоқтарын табыстап, алдағы келе жатқан 8 Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

 

2010 жылдан бастап «Алтын алқа» төс белгісі он емес, жеті бала өсірген аналар ала бастады. Бұл шешімді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан әйелдерінің V форумында мәлімдеді. Ал 6 бала тәрбиелеп отырған аналарға «Күміс алқа» төс белгісі беріледі.

 

Осы наградаларға лайықты көп балалы аналарға ай сайын 16 800 теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған.

04.03.2020