Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.02.2018

Бостандық ауданы әкімінің тұрғындармен есептік соңғы кездесуі өтті


  Бүгін Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Торғаев Бекқали Нұрғалиұлы  аудандағы №19,20 округ тұрғындарына есеп беру соңғы кездесуін өткізді.


Шараға Алматы қаласы Мәслихат депутаты Әзербаев М.Б., аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржанов Хамид, аудан әкімінің орынбасарлары мен аудандық құрылымдық бөлім басшылары, ПИК төрағалары және аудан тұрғындары қатысты.


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 2005 жылдан бері еліміздің әр деңгейдегі әкімдері атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп береді. Бұл тәжірибе жергілікті атқарушы билік басшыларының жұртшылықпен кері байланыс тетіктері ретінде өз тиімділігін растады. Олар халықтың елімізде өтіп жатқан реформалар, жергілікті органдардың жауапкершілігінің артуы мен есеп беруі туралы хабардар болуын жақсартуға, тұрғындарды  мазалаған сұрақтарын  жедел шешімін табуға көмектеседі.

    

Шара барысында Бекқаи Нұрғалиұлы тұрғындар алдында ауданның 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша есеп берді. Ресми бөлімі аяқталғаннан кейін тұрғындарды мазалаған сұрақтар бойынша талқылау жүрді.


Аудан тұрғындары Бекқали Нұрғалиұлына өздерін толғандыратын  сұрақтарын қойып,  оларға  толық жауаптар алып ризашылықтарын білдірді. Сондай ақ аудан басшысы қойылған барлық сұрақтардың тиімді шешілуін өз  бақылауына алатынын жеткізді.


Жалпы Бостандық ауданы әкімімен 7 есептік кездесуге  2580 астам адам қатысып,   160 сұрақ қойылды. Қойылған  барлық сұрақтар аудан басшылығының бақылауына алынды. 



03.02.2018