Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.11.2018

«Ұнның құнарлануы», «Дұрыс тамақтануға бірге» атты акциялар өтті


Апта соңында ауданда орналасқан «Магнум-атак»дүкенінде Бостандық ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары ҚР ДСМ ҚДСК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалының сынақ орталығы мамандарын тарта отырып, «Ұнның құнарлануы», «Дұрыс тамақтануға бірге» атты акция өткізді.

           

Акция өткізу барысында сатып алушыларға ұнның құнарлануы туралы, дұрыс тамақтану, тағам өнімдерінің қауіпсіздігі, өнімдердің пайдалану мерзімі, тағам өнімдерінің таңбалануы, өнімдердің сақталу жағдайлары, әсіресе тез бұзылатын өнімдер, сальмонеллез, тамақпен уланудың алдын алу туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

                               

Акция барысында түрлі атаудағы өнімдерден -23 сынама жылдам-әдіспен зертханалық зерттеуге алынды, жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша сәйкес емес сынамалар анықталмады.

03.11.2018