Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.10.2019

Аудан қарттары құрметтелді


Жыл сайын Қазақстанда 1 қазан Қарттар күнін атап өтіледі. Бұл күндері барлық назар жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектер, әлеуметтік тұрмыстары қамтылмаған қарттарға аударылады, оларға материалдық, әлеуметтік және өзге де көмек көрсетіледі.

 

2019 жылдың 2 қазанда аудандағы «Атакент» ҚЫӘО базасында «Бақшасарай» салтанат сарайында қарттар айлығы салтанатты түрде бастады.

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдігі мерекеге 70 аса ауданның құрметті ақсақалдарын қонаққа шақырып ақ дастархан жайды.

 

Мерекелік шараға келген қонақтарды ауданға жаңа тағайындалған аудан әкімінің орынбасары Балбаева Маржан Ертайқызы құттықтап,   жылы лебізін білдірді.

Құттықтау сөзіне аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржанов Хамид Біржанұлы да қосылды.

 

Артынан өнер майталмандарының ұйымдастыруымен концерттік бағадарлама ұсынылды.

Қазан айы бойы қарттарға барлық есі ашылып, түрлі көмектер, ашық есік күндері өткізіледі. Оның ішінде мектептерде ардагерлердің қатысуымен ашық сабақтар, медициналық мекемелерде барлық дәрігерлердің тегін қабылдаулары ұйымдастырылып, мекеме, ұжымдарда егде жастағы адамдарға көмектер көрсетіледі, Сондай ақ ауданда мәдени шаралар кинотеатрлар мен мүзейлерге, қалаға қыдыру, спорттық сайыстар өткізу жоспарлануда.

 

Қазіргі таңда Бостандық ауданында 41 175 зейнеткер тұрады. Оның ішінде ҰОС ардагерлері- 46, Ленинград қоршауында болғандар – 14, фашизм тұтқынында болған – 6,    100 жастан асқан – 9.

03.10.2019