Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.10.2018

Әлеуметтік тұрғын үй тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады


Бүгін Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппараты аудандағы Қарт зейнерлерлер мен жалғыс басты мүгедек адамдарға арналған әлеуметтік тұрғын үй тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады.

           

Мерекелік шараға шақырылған 40 -тай әлеуметтік үй тұрғындары «Алматы түні» атты мейрамханада жайылған ақ дастарханда бас қосып концерттік бағдарламаны тамашалап, өлең айтып, би биледі.

          

Егде жастағы қонақтарды аудан әкімінің орынбасары Балбаева Маржан Ертайқызы құттықтап, жылы лебізін білдірді. Құттықтау сөзіне аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржанов Хамид Біржанқлы қосылды. Артынан әрбір қонаққа аудан әкімінің атынан азық-түлікке толы мерекелік пакеттер сыйланды.

          

Шараны Құрманғазы атындағы консерватория студенттерімен ұйымдастырылған концерттік бағдарлама жалғастырды.

         

         

03.10.2018