Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.08.2018

Алматыда туристер жолбасшы карта көмегімен саяхаттайтын болады


Visit Almaty туристік-ақпараттық орталық «Оңай» транспорттық холдингімен бірлесіп Almaty Pass картасын шығарды.

Картаның көмегімен қаланың көрікті жерлерін аралауға болады. Сондай-ақ қонақүйлерге, мейрамхана мен дәмханаларға, қоғамдық көлікте жүруге жеңілдіктер жасалады.

           

Almaty Pass Нью-Йорк, Барселона, Лондон сияқты әлемнің туристік қалалары негізінде жасалған. Карта жасаушылардың айтуынша, көрсетілетін қызметтер пакеті S, M, L шартты белгісіне бөлінеді. S пакеті 7 810 ($23), М - 9 455 тенге ($28) и L - 11 045 ($32) теңге тұрады. Турларды сатып алу кезінде жеңілдіктер қарастырылған. Барлық «белгідегі» карта есебінен «Шымбұлақ», «Лесная сказка», «Көктөбе», бұдан бөлек 6 музей, зообаққа баруға болады. «Almaty Pass жобасы қаланың туристік әлеуеті үшін маңызы зор. Алматы - Қазақстанның басты туристік аймағы болып саналады. Кез келген екі туристің біреуі сапарын Алматыдан бастайды. Осы жағдайларды есепке ала отырып, шетелдік туристерді тарту мақсатында пайдалы жүйелерді ойлап табуымыз керек.

Соның бірі Almaty Pass-ты енгізу болып табылады»,- деді Visit Almaty туристік-ақпараттық орталық директоры Кәмила Лұқпанова. Орталықтың сараптама бөлімінің мәліметінше, Алматыға келетін туристердің саны жыл сайын 20% артып келеді. 2015 жылы қала қонақүйлері мен хостелдері 721 мың туристі қабылдаған. 2016 жылы - 793 мың, 2017 жылы - 969 мың туристі жайлаған.


inform.kz

03.08.2018