Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.08.2017

Су арқылы берілетін жұқпалы аурулардың таралу қаупін алдын алу


 Алматы қаласының Бостандық ауданы аумағында Абай даңғылына дейін оңтүстік бағытта бүкіл қала арқылы ағатын, одан әрі  Алмалы ауданының шекарасына өтетін 2-ші санатты 2 өзен (Үлкен Алматы және Есентай) бар.

 Бүгінгі күнделікті өмірде кездесетін мәселелердің бірі ол – жылдың ыстық мезгілінде ашық су көздеріне халықтың шомылуы.

 Осы себепке байланысты су арқылы берілетін инфекциялық және паразитарлық ауруларды профилактикалық мақсатта, жыл сайын басқарма қызметкерлерімен жылдың жылы мезгілдерінде  (наурыз тамыз айларында) өзен арналарының ластануы қаралып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 209 бұйрығымен бекітілген "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына (бұдан әрі – Санитарлық қағида) сәйкес судың сынамалары лабораторлық зерттеуге алынады.

 Дегенімен зерттеулердің шешіміне қарамастан, Санитарлық қағиданың 90 және 127 тармақтарына сәйкес сарқынды суларды және сонымен қатар судағы транспорттық сарқынды суларды өзен арнасына шығаруға, суға шомылу, кір жуу, траспорт жуу, малды суғару, балық аулау сиякты әрекеттер мен басқа да судың сапасына әсерін тигізетін амалдарға тиым салынады.

    Осыған байланысты су арқылы берілетін жұқпалы аурулардың таралу қаупінің алдын алу мақсатында АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОСТАНДЫҚ АУДАНЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ қала тұрғындары мен қонақтарын ашық су көздеріне (өзендеріне) шомылмауларын ескертеді.



АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ

БОСТАНДЫҚ АУДАНЫ

ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ

 САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ 

03.08.2017