Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.07.2018

БЖЗҚ қызметкерлері ҚР зейнетақы жүйесіне енгізілген өзгерістер туралы ақпарттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді


2017 жылы 21 қарашада «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы мен Алматы қаласы әкімдігі өзара ынтымақтастық пен әрекеттестік туралы Меморандумға қол қойған болатын.

           

Аталған Меморандум аясында ағымдағы жылдың 3 шілдесінде "БЖЗҚ" АҚ Алматы қалалық филиалының жылжымалы қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі- Айгуль Бимурзаева бастаған топ Бостандық ауданы әкімі аппаратында болып ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

      

Түсіндіру жұмысы барысында «БЖЗҚ» қызметкерлері жинақтаушы зейнетақы жүйесі және 1 қаңтар 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне енгізілген өзгерістер туралы, салымдардың жай-күйі жөнінде ақпарат беру жайлы толыққанды мағұлмат беріп, тыңдаушылардан түскен сұрақтарға жауап берді.

Жоғарыда аталған іс-шараларда халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту, міндетті зейнетақы жарналарының көлемін ұлғайту, ақпарат беру мәселелері бойынша зейнетақы жүйесін жаңғырту, зейнетақы жинақтарының мәдениетін жоғарлатуын жоспарлау.

           

 

03.07.2018