2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.06.2015

Қан тапсыру акциясы өтті


 Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының акт залында «Донор күні» акциясы өтіп, оның барысында Бостандық ауданы әкімі аппараты, аудандық салық комитетінің қызметкерлері мен қатардағы тілек білдіруші аудан тұрғындары қан тапсырды. Осы адамгершілікті игі іске ат салысқан 30 азамат өз еріктерімен қан тапсырып, қан құю орталығының қан банкін толтырды. 

 Ерікті донорлармен тапсырған қан педиатрия институтында түрлі қан ауруымен ауыратын науқас балаларды емдеуге жіберіледі. 

 Акцияның мақсаты лейкоз, лейкомия, аққан ауруларымен ауырған балалар мен жасөспірімдердің өмірін сақтап қалу. Қан доноры күні 2004 жылдың 14-ші маусымынан аталынып келеді. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, әрбір елде мың адамға 40, 60 донордан келу керек. Ал, біздің елде небәрі 20. Бірақ бұл шешуі қажет ететін мәселе адамгершілігіктерін аянбай беріп, ат салысқан донорлардың баға жетпес еңбегінің арқасында біршама жақсарып келеді. 

 Жер бетіндегі әр бір адам бүкіл ғұмыры бойында кемінде бір рет қан құюды қажет етеді. Қазіргі таңда қан құюға қажеттілігі бірінші орында тұр. Қан сағат сайын, күнде қажет. Сондықтан ба бүгінгі акцияға қатысушыларды қан құю орталығының қызметкерлері қуанышпен қарсы алды. Донорлық қанмен онкологиямен ауыратын науқастар да қажет етеді. Қатерлі ісік, ол өте қауіпті. Ертеректе осы аурумен ауыратындарға бұл үкім сияқты болса, қазіргі медицина технологиясының дамыған заманында қатерлі ісік ауруы емделуге жатады.

  Қазіргі таңдағы жаңа заманға сай жаңа технологиялық емдеу терапиясы қатерлі ісік клеткаларын емдеуге үлкен күш жұмсауда. Міне осындай жағдайда қан құю шаралары өте қажет. Қан құю шараларын айта берсең көп жағдайда керек, адамды отарлау, сәби туу, жарақаттану жағдайында т.б. Соңғы 10 жыл ішінде донорлар тізімі азайып кеткен.  Сондықтанда ауруханаларда қан тапшылығы ерекше орын алады. Біреудің өмірін сақтап қалуға қан тапшы болып жатқан жағдайларда кездеседі. Ал қалалық қан құю орталығының мамандарының айтуынша қазіргі уақытта донорлар саны өте аз, олар 5 есе артық донорды қажет етеді. Ұлттық қан қоры бойынша еліміз әлі күнге дейін ақылы донорларға тәуелді 40 елдің қатарында. Әлем бойынша 62 мемлекетте ғана қан қоры жеткілікті. Халықаралық нормаға сай, мың адамға шаққанда 50 донордан келуі тиіс.

                     

03.06.2015